Қоныстану тығыздығы

lat: Qonystaný tyǵyzdyǵy

а) д е м о г р. Халықтың белгілі бір аумақта қоныстану деңгейі, аумақ өлшеміне шаққандағы тұрғылықты халық саны.

Өндіріс орындарының ашылуы, өнеркәсіптің, ауылшаруашылығының дамуы, кен байлықтарының табылуы т.б. факторлар қоныстану тығыздығына әсер етеді (ҚҰЭ).

ә) б и о л. Құстардың, жануарлардың белгілі бір аумақтағы орналасу шамасы.

Сирек, таралу аймағы шағын. Зайсан ойпатында таралған, құмның барлық типтерін (таза шағылдардан басқа) мекендейді. Кейбір жылдары қоныстану тығыздығы 1 га-да 10 және одан да көп басқа жетеді (Қазақст. қызыл кітабы).